Дархан дала. Жезқазғанның білімді жастары

Бүгін сіздерді таныстырғалы отырған оқу ордасы алғашқыда Қарағанды педагогикалық институттың филиалы болған. Оның ашылуы тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, жалпы Орталық Қазақстан үшін де үлкен жетістік болды. Іргесі 1975 жылы қаланған Жезқазған педагогикалық институты 1992 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институты болып өзгерді. Араға 4 жыл салып қазіргі атауы Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті берілді. Тау-кен өндірісі саласына білікті маман дайындайтын білім ордасының қазіргі қарқыны қандай?