Дархан дала І Арыстанбаб кесенесі

Арыстанбабтың жатқан жеріне жүздеген жылдар бойы адамдар ағылып келіп жатады. Киелі Түркістан жерін аяқ басқан әрбір зияратшы алдымен осы кесенеге келеді. Ол оңтүстіктегі барлық негізгі туристік бағыттардың бағдарламасында бар. Дархан дала жобасы кесенеге бұрын да әлденеше рет келіп, осы жермен байланысты аңыз-әңгімелер, тарихи нысан туралы ғалымдардың зерттеулері мен оның түркі халықтары үшін киелілігі туралы баяндаған болатын.