Дархан дала | Сырдария - балықшылар үшін таптырмас мекен!

Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Бұл сала адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Туризм саяхат мақсатына қарай көптеген түрге бөлінеді. Соның ішінше әлем елдеріне ең танымал түрі - экскурсиялық туризм. Табиғи көркем жерлермен танысу, мәдени тарихи архиологиялық нысандарды, ғимараттарды көру бұның бәрі қазір аса сұранысқа ие. Жаһандық тенденциядан Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі де қалар емес. Биыл туристерге арналған жаңа экскуриялық бағытты іске қосқан. Сол бағытпен біз де жүріп өттік.