«Жаркент мешіті» сәулет- көркемөнер музей кешені | Дархан дала

«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүр. Өткен шығарылымда түсірілім тобы Алтынемел ұлттық саябағына дейін жетті. Олар Сақ кезенінің тарихы ескерткіші Бесшатыр қорымын көріп, Айғай құмының ауқымына таңданып, жартылай дала аймақтың таңғажайып көріністерін тамашалап, 700 жылдық тарихы бар ағаштың көлеміне тамсанған еді. 

Экспедицияның үшінші күнінің таңы Басшы ауылында атты. Аса бір ерекшелігі жоқ ауыл, Алматыдан 4 сағаттық қашықтықта орналасқан. Бұл екі елді мекенді 292 шақырып бөліп тұр. Басшыны аймақтың экологиялық бағыттарының туристік орталығы деп айтуға болады. Себебі ұлттық саябақтың көрікті жерлеріне негізгі жол осы ауыл арқылы өтеді. Сол себепті біздің түсірілім бұл ауылға аялдауға тура келеді. 

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.