426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Остеохондроз: омыртқа ауруын қазір қалай емдейді? | Диагноз

  • 65

Омыртқа аурулары арасында кең таралғаны - остеохондроз. Статистика бойынша әлемде жүз адамның үшеуінде осы ауру кездеседі және бұл негізінен 40 жастан асқан азаматтарда.

Омыртқа остеохондрозының бірінші белгісі - бұл бел мен арқаның ауыруы. Осындай шағыммен науқастар алдымен невропатологқа, содан кейін вертебрологқа барады. Мамандар рентген жасап, арудың клиникалық көрінісін анықтайды. Кейде диагностика мұнымен аяқталмайды. Аурудың дәрежесін анықтау үшін магниттік резонанстық томография да жасалады.

Хабар 24 телеарнасы