Жезді кентінің мектебінде 250 бала білім алуда

Жеңісті алып берген Жездінің жезі деген халық арасында нақыл сөз бар. Қойнауы кенге толы мекенге біз де аяқ бастық. Жездідегі білім ұясы әу баста 1200 оқушыға шақтап салынған. Алайда білім алушылар қатары жартысына да жетпейді. Әрі-бері сапырылысқан баланы көріп үйреніп қалған біз үшін бұл тосын жайт болды.