Ордабасы ауданы Дербес ауылындағы білім ошағының бейнесі

2027 жылға қарай елдегі барлық мектеп жаппай жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы осындай пәрмен берді. Демек бұл іс кезек күттірмейді, қазірден қам-қарекет керек. «Digital мектеп» арнайы жобасы алдымен ауылдардағы білім ұяларының жай күйін бағамдайды. Бұл жолы біз Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан өңіріне табан тіредік.