Драйв. LADA 4x4 Urban
Осыдан 38 жыл бұрын конвейерден шыққан бұл автомобиль әлі күнге өндірістен түскен жоқ. Ресейлік автоөнеркәсіп өкілдері бұндай тенденцияны автомобильге жоғары сұраныстың болуымен байланыстырып отыр. Жалпы қолданысқа қолайлы әрі бағасы да қолжетімді көлік қазір өзіміздің Өскемендегі автозауытта құрастырылып шығарылуда.