Көгалдандыру міндетін атқару керек

2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу. Президенттің тапсырмасы бойынша есеп беретін уақыт таяп қалды. Бүгінде 400 млн-нан астам көшет егілді. Алайда сенаторлар әрбір үшінші бұта қурап қалады деп дабыл қақты. Экология министрлігі мұндай мәселенің барын жасырмайды. Дегенмен жауапты мердігер жазасыз қалмайды.