Каспий итбалықтарын қорғау және көбейту міндеті тұр

Биыл шілдеде Каспийде табиғи мемлекеттік резерват құрылады. Иттің күнін кешкен итбалықтар енді көздің қарашығындай қорғалады. 

Өткен ғасырдың басында саны 1 млн-ға жуық еді. Ал бүгінде 300 мыңға да жетпейді. Енді резерват құрылса, итбалықтардың популяциясы көбеюі тиіс. Бірақ қордаланған түйткілдің түп-тамырына балта шаба алмаймыз.