Экономика. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда
«Қазақстандық өнімді алыңыз» - соңғы екі жылдан бері осындай сөздер жазылған билбордтар Ресейдің әрбір қаласында бой көрсетіп жүр. KAZAKH INVEST бұл жобаны алғаш рет 2016 жылы іске қосты. Ол кезде Қазақстанның жетекші компаниялары, Ресейдің аймақтық сауда жүйелерінде 42 тауар позициясын ұсынған болатын. Биыл отандық тауарларды көрші елдің нарығында өткізу үшін KAZAKH INVEST Ресей Федерациясының тағы бірнеше қаласындағы сауда жүйелеріне қосылды. Сөйтіп, анағұрлым танымал қазақстандық брендтер Ресейдің мыңнан астам сауда нүктелерінде бой көрсетті.