Экономика. ЕХРО 2017 көрмесі
2017 жыл тарихи оқиғасымен есте қалды. Қазақ елі бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесін өткізді. Бұдан мемлекетіміз үлкен экономикалық табысқа кенелді. Болашақ энергиясын тамашалауға жалпы саны 4 млн адам келді. Ал, көрменің барлық нысандарын көргендердің жиынтық саны 30 миллионнан асып түсті. Яғни, орта есеппен бір саяхатшы сегіз павильонға бас сұқты.