Экономика. Қазақстан экономикасының өткен жылғы жетістігі мен көрсеткіштері

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жарияланды. Өткен жылдың басты жетістігі мен көрсеткіштері ретінде ел экономикасының барлық салаларындағы өсімді айтуға болады. Ұлттық экономика министрі орынбасарының айтуынша, экономикалық өсімнің сапасына тұрақты инфляция мен тұрақты макроэкономикалық жағдай әсер еткен.