Экономика. Әлемдік цифрлық тайталас
Әлем төртінші өнеркәсіптік төңкеріске аяқ басқалы тұр. Осы тұрғыда мемлекеттер өздерінің экономикасын цифрландыру жолында бәйгеге түсіп кетті. Бүгінгі таңда Қазақстанды қоса есептегенде 15 ел, цифрландыру бойынша толыққанды ұлттық бағдарламасын бекітті. Әлемде Digital Seven жобасы атты элиталық клуб бар. Оған экономикада айтарлықтай цифрлық көрсеткіштерге қол жеткізген алдыңғы қатарлы елдер кіреді.