Экономика. Бес әлеуметтік бастама

Аптаның басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, парламент палаталарының бірлескен отырысында бес әлеуметтік бастама жариялады. 

Сонымен бес әлеуметтік бастама.

  1. Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».
  2. Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».
  3. Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».
  4. Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».
  5. Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».