Экономика. Қазақстандағы сақтандыру нарығы

Қазақстан жаңалықтары

- Көктемде қоршаған ортаны қорғауға небәрі 550 миллион теңге инвестицияланған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 62%-ке кем, деп хабарлады энерджипром кз интернет басылымы.

- Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингін, «BBB» деңгейінде бекітті, деп хабарлайды Interfax Қазақстан.

-2018 жылы републикада цифрлық эфирлік теле және радиотарату біртіндеп ендіріле бастайды. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

- Осы жылдың бірінші тоқсанында интернет-байланыс қызметтерін ұсыну көлемі 59 млрд 200 млн теңгеге жеткен.

Әлем жаңалықтары

-2018 жылдың 1 мамырынан бастап, Ресей Федерасиянынан жеткізілетін мұнай экспортына баж 7,1 долларға өсіп, тоннасына сәуірдегі 111,4 доллардан 118,5 долларға жетеді.

- Тұрақты түрде құнсызданып бара жатқан боливар, Венесуэла билігін жергілікті жерлерде ұлттық валютаның жаңа баламаларын іздеуге мәжбүрлеп отыр.

-2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, американдық банк алыбы - Bank of America Corp. компаниясының, әрбір акционеріне келетін таза табысы, 6 млрд 918 млн долларға жетті.

- Мұнай өндірісін азайту туралы ОПЕК+-тің келісімі, кем дегенде 2018 жылдың соңына дейін созылады.

Сараптама

Қазақстанның сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мәз емес. Өсім бәсең. Екінші жағынан, республикадағы сақтандыру компанияларына халық аса қатты сене де қоймайды.