Экономика. Global Challenges Summit 2018
Қазақстан жаңалықтар
- Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар 239 млн 700 мың литр алкогольсіз сусын өндірген
- Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, депутаттардан, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы үшін мыңнан астам ұлттық әскери стандарт әзірлеуге 3,5 млрд теңге бөлуге қолдау көрсетуді сұрайды
- Осы жылы ҚР аумағындағы аударымдар жүйесінің көмегімен жасалған ақша транзакциялары соңғы бес жылда болмаған көрсеткішке жетті
- Қазақстан қаңтар-сәуірде көмір өндіруді 2,8%-ке көбейтті. Өндіріс 3,4%-ке, электр энергиясы 8,1%-ке ұлғайған
Әлем жаңалықтар
- АҚШ Президенті Дональд Трамп, ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпинмен, қытайлық телебайланыс құрылғысын өндіруші ZTE-ден американдық шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жасап жатқандығын мәлімдеді
- ОПЕК сәуірде айға шаққанда мұнай өндірісін тәулігіне 12 мың 100 баррельден, 31 миллион 930 мың баррельге дейін сәл ғана арттырды
- Еуропалық Одақ Кеңесі, ақшаның ізін жасыру және лаңкестікті қаржыландырудың алдын алу жөніндегі ережелелерді қатаңдату туралы директиваны мақұлдады
- Бас компанияның акционерлеріне тиесілі, жапондық автоөндіруші Nissan Motor-дың таза табысы – 31-наурызда аяқталған, 2017-2018 қаржылық жылдардың қорытындысы бойынша, жылға шаққанда 12,6%-ке артқан
Сараптама
Global Challenges Summit 2018 шеңберінде Еуразиялық экономикалық одағы мен Иран еркін сауда аймағын құру жөнінде уақытша келісімге қол қойды. Елдер арасындағы қол жеткізілген келісімдердің болашағы қандай және одан Қазақстан не ұтады?