Экономика. Шетелдік инвесторлар кеңесіне - 20 жыл

Қазақстан жаңалықтары

-          Қазақстандықтардың табысы молайды. Осы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, елдегі орташа айлық жалақы 152 мың 400 теңге болды

-          Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 2018 жылдың сәуірі қорытындысы бойынша 31 млрд 800 млн АҚШ доллары болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,7%-ке артық

-          Төрт айда зейнетақы жинағының таза инвестициялық кірісі 169 млрд 300 млн теңге болған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 83%-ке көп

-          Банктердің экономиканы несиелендіру көлемі 1,1%-ке артып, 2018 жылдың сәуірі соңында 12 трлн 701 млрд теңге болды

Әлем жаңалықтары

-          2018 жылдың алғашқы тоқсанында АҚШ-тың ЖІӨ-нің шынайы өсімі, екінші бағалауға сәйкес, жылдық тұрғыда 2,2%-ке жеткен

-          Украина үкіметі халық үшін газ бағасының қымбаттауын тағы да 1 тамызға дейін шегерді. Сәрсенбіде министрлер кабинетінде өткен отырыста осындай қаулы қабылданды

-          Франция президенті Эмманюэль Макрон Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалау қажеттігін мәлімдеді. 

-          Иранның мұнай министрі Бижан Зангане, ОПЕК-тен елді қолдауын сұрайды

Сараптама

Биыл билік пен ғаламшардың ірі бизнес элитасының ерекше диалог алаңы  - шетелдік инвесторлар Кеңесіне - 20 жыл толады. Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары соңында құрылған кеңес - Қазақстанның әлемдегі инвестициялық беделін қалыптастырып келеді. Алайда, консультативті органның жұмысы мұнымен ғана шектелмейді.