Экономика. Мұнай нарығы

Қазақстан жаңалықтары

-          Австриялық инвестицияға Атырау өңірінде салынатын газ-химиялық кәсіпорыны Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің өсімін 1 процентке арттырады

-          Қазақстанда орталықтандырылған жылу тарифы қыркүйек айының соңында 4,1 процентке қымбаттады

-          Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы аясында ел кәсіпкерлері алдағы 5-6 жылдың орайында құс еті өндірісін арттырып, ішкі сұранысты 100 процентке жабуды жоспарлап отыр

Әлем жаңалықтары

-          VolvoGroup автоконцернінің биылғы 9 айдағы таза табысы 41 процентке артып 22 млрд 700 млн швед кронына жетті

Сараптама

ОПЕК+ елдерінің биыл бекіткен веналық келісімі 111 процентке орындалды. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш тіпті 129 процент шамасында болған. Мұнай экспорттаушы елдердің шикізат өндірісін ұлғайтпау туралы уағдаластығы қара алтынның айтарлықтай қымбаттауына негіз болды. Брент маркалы мұнайдың желтоқсан айына арналған фючерсі 80 доллардан асты. Әлемдік деңгейде аты шыққан сарапшылар шикізат бағасы әлі де артады деген болжам жасап отыр. Бүгінгі сарапталық шолуымызға осы тақырыпты арқау етпекпіз. ( спикерлер: Додонов В.- ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері; Полховский В.- Forex Club сарапшысы)