Экономика. Жаңа депозиттік ставкалар

Қазақстан жаңалықтары

- Қазақстанда доллардың саудасы қызып тұр. Бірақ қыркүйекте тамызға қарағанда АҚШ-тың ақасына сұраныс төмендеген

- Банк секторындағы бәсеке бәсеңдемей тұр. Айталық жыл басында ел ішінде 32 банк жұмыс істеп тұрған. Жаздың соңында тізім 29-ға дейін қысқарды

- Мәжіліс депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Құжатта ел экономикасы келер жылы 3,9 процент көлемінде өсім көрсетеді делінген

Әлем жаңалықтары  

-         Роскомнадзор Яндекс, Mail.ru, Rutube бастаған интернет алаң иелеріне антипиратқа қатысты арнайы меморандум бекітуді ұсынды

Сараптама

Еліміздің екінші деңгейлі банктері депозиттің жаңа түрін ұсынды. Енді халық басы артық қаражатын 4 түрлі жинаққа сала алады. Төртеуі төрт түрлі. Сыйақы мөлшерлемесі болсын, мемлекет тарапынан берілетін кепілдік көлемі де. (спикерлер:  Әбдірахманов Н.- "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ төрағасы; Әбдіраманова М.- "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ департаментінің ди⁠ректоры; Досов Р. – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сараптамалық орталығының сарапшысы)