Экономика. Зейнетақы жүйесі
Қазақстан жаңалықтары
- Шетелден Қазақстанға жіберілген ақша аударымдары биылғы 9 айда
255 млрд 500 млн теңгені бүтіндеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 15,4 % -ке артық. Осы аралықта транзакциялардың саны 7,3 процентке артып, 1 млн 100 мыңға жеткен
- Қытай Қазақстанның транспорттық инфрақұрылымындағы ең ірі инвестор. Биылғы алты айда салаға тартылған жалпы қаражаттың 31,2 проценті қытай капиталы
- 10 айда елімізде 14 мың 300 тонна шәй және кофе өндірілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1 процентке аз
Сараптама
Енді еліміздің зейнетақы жүйесі жайлы әңгімелейік. Өткен 20 жылдың орайында бұл жүйеге талай жаңашылдық енгізілді. Әрине барлығы қордағы мол қаражатты қорғаудың, ондағы сіз бен біздің жинаған ақшамыздың инвестициялық табысын арттырудың қамы. Бірақ қазір Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қорына еліміздің әрбір бесінші азаматы ғана тұрақты түрде ақша аударады екен. (спикерлер: Бурабаев Е.-Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры; Әмірғалиева Л.- «БЖЗҚ» АҚ тәуекел-менеджмент департаментінің директоры)