Қазақстан инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

Қазақстан инвестиция тарту саясатын түбегейлі жаңартып жатыр. Ел бұрынғыдай инвесторларды күтіп отырмайды. Керісінше өзі іздеп, елге тартып, жоба іске асқанға дейін және одан кейін де сүйемелдейді. Содан соң инвестиция көлемін ұлғайтып қана қоймай, қаражатты өңдеу өнеркәсібіне, жоғары технологияларға және қосылған құны жоғары өндірістерге бағыттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда саланы басқару тәсілдерін де жаңарту керек екенін айтқан еді. Енді «Бәйтерек» холдингінің инвестиция тарту бағытындағы рөлі күшейеді. Бұл қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Инвестицияның қарапайым халыққа берері не?

Сондай-ақ оқыңыз: