374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Коммуналдық қызметтер туралы

  • 144

Қазақстан жаңалықтары

-          2018 жылдың шілде айының соңында банк секторының активтері жылдан жылға 1,9%-ке артып, 24 трлн 300 млрд теңге болды

-          Қазақстандықтардың қуанышына орай, кинотеатрлар билет құнын ұстап тұр. Тамыз айында ҚР тұрғындары үшін 1 сеанстың бағасы орташа есеппен адам басына 1230 теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан небәрі 0,7%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          2014 жылдың қарашасынан бері уран бағасы айлық, ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр

-          Осы жылдың тамызында Қытайда, іскерлік белсенділік индексі құлдырады. Көрсеткіш 0,2 пункке төмендеп, 50,6 деңгейіне дейін түскен. Бұл 2017 жылдың маусымынан бергі ең төменгі нәтиже

-          Ресейдің ең бай миллиардерлерінің жиынтық ауқаты 2018 жылдың қаңтар-тамызында 8 миллиар 735 млн долларға ұлғайған

Сараптама

Тамыздың басында қазақстандықтардың көрсетілген қызмет үшін, коммуналдық кәсіпорындарға берешегі 13 млрд теңгеге жетіп жығылды. Дегенмен, халық немесе басқаша айтқанда жеке тұлғалар 10 трлн теңгенің есебін төлемеген. Бір ай бұрынғы заңды тұлғалар мен азаматтардың 50 млрд теңгеден астам берешегімен салыстырғанда, жағдай әлдеқайда түзелді. Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңадан туындап отырған мәселе емес және ол жылдан жылға жалғасып келеді. (Молдыбаев Әю- ҚР ИДМ құрылыс ісі және ТКШ жөніндегі комитеті басқармасының бас сарапшысы; Тоқтамысов Д.- ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және ТҚҚ комитеті басқармасының жетекшісі)

Хабар 24 телеарнасы