378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қытайға көгілдір отын жеткізу

  • 67

Қазақстан жаңалықтары

- 2018 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың ақшалай табысы 160 мың 400 теңгеге жетіп, 9,7 процент өсім көрсетті. Бұл соңғы бес жылдағы ең үлкен өсім

- Ипотекалық несиелеу бір жылда 82,5 процентке өсті. Қазан айындағы дерекке сүйенсек елімздегі банк секторы 69 млрд 500 млн теңгенің ипотекалық несиесін рәсімдеген. Өткен жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 38 млрд 100 млн теңге еді

Әлем жаңалықтары 

- Жапонияның Lexus-ы Ресей аумағында жүйткіп жүрген LS500 маркалы 390 седанды зауытқа қайтаруды сұрап отыр

- Жапония 2019 жылы халықаралық Кит аулау комиссиясы құрамынан шығып, жаз ортасына қарай кит аулау кәсібін қайта жандандырмақ

Сараптама

Қазақстаннан Қытайға экспортталатын көгілдір отын көлемі еселеп артты. Биылдың өзінде біздің ел шығыстағы көршімізге 10 млрд текше метр газ жөнелтеді. Бұдан келетін кіріс 2 млрд доллар шамасында. Бүгін сараптамамызға осы тақырыпты арқау етпекпіз. (спикерлер: Сүлейменов Р.- Газ-энергетикалық және газ тасымалдаушы компанияның бас директоры; Қияқбаев З.- ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры)

Хабар 24 телеарнасы