385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика | Ипотека 2%

  • 28

Қазақстан жаңалықтар:

- Қазақстанда қай мамандықтарға сұраныс аз екені анықталды;

- Біздің елде баспа қызметіне де сұраныс азайған. Бір жылда минус 18%.

 

Әлем жаңалықтар:

- Қытайдың Халық банкі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы курсын 43 базалық пунктке төмендеттi.

 

Сараптама: Ипотека 2%

«Бақытты отбасы» деген бағдарламаны естіген боларсыз. Иә, бұл ипотекалық бағдарлама. Талаптары өте ыңғайлы. Алғашқы жарна 10-ақ процент, мерзімі 20 жылға дейін. Ал, несие небәрі екі процентпен беріледі. Сосын жер үй қалайсыз ба, пәтер ме, ол пәтеріңіз мердігерден бе, қолдан ба, бәрібір. Бірақ оған әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар ғана қатыса алады. Олар: Көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған жанұялар, сосын кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылар. Яғни не әкесі, не шешесі ғана бар жанұялар. Қазірдің өзінде Тұрғын үй жинақ банкіне азаматтардан шамамен 2 мың өтініш түскен. Ал, республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл 50 млрд теңге бөлінді.

Бұл қомақты қаражат қалай жұмсалады? Жалпы бағдарламаға қандай үміт артылып отыр?

Спикерлер: Ләззат Ибрагимова - банктің басқарма төрағасы; Талғат Ерғалиев - Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы