421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

42500 теңгеге өтініш қабылдау аяқталды

  • 76

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау аяқталды.

Атап өтейік, бұл төлем карантин кезінде енгізілген еді. Табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен осындай қолдау болды. Бұл жолы 2 миллион 400 мыңға жуық қазақстандық 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алды. Оның 2 миллион 384 мыңына тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді.

Атап өтейік, өтініштер Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдарында telegram-боттар мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қабылданды. 42 500 теңгені кімдер алды дегенге тоқталсақ, карантин уақытында жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген адамдар ие болды. Сондай-ақ қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға да осындай көмек қаржы берілді.

Хабар 24 телеарнасы