Данияр Арынғазин: Ұлытау облыс мәртебесін алғалы экономикалық тұрғыда өсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 4 мамыры күнгі жарлығына сәйкес елімізде үш жаңа облыс құрылған еді. Бұл жергілікті тұрғындардың әлеуметтік тұрмысының дұрысталуына жақсы мүмкіндік берді. Сондай жаңадан құрылған Ұлытау облысы өнеркәсіптік аймақта орналасқан. Салық базасының түсімдері еселеніп, жоспарланған шаралар жүзеге асуда. Ендеше Ұлытау облысы әкімдігінде жұмыс істейтін кейіпкерімізбен жүздесіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен бірге танысайық.