Шымкенттің әлеуметтік-мәдени бағытта дамуы. Әйгерім Жұмағұлова

Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қорлармен бірлесіп, қоғам үшін маңызды іс-шараларды ұйымдастыру – Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың басым бағыттарының бірі. Бағдарлама кейіпкері – осы салада табысты еңбек етіп жүрген жас маман Әйгерім Жұмағұлова. Ол қаланың әлеуметтік-мәдени бағытта дамуына үлкен үлес қосып жүр.