Қарағандыда қызметтің 99,5%-ы онлайн жүреді

Қарағанды облысында Жасанды интеллект күнделікті қолданыстағы барлық салаға енуде. Сонымен қатар өңірде JoLScan жобасы іске қосылған. Бұл жүйе нейрожелі мен бейнекамералардың көмегімен автомобиль жолдарының жай-күйін автоматты түрде анықтайды. Осылайша кеншілер өңірі цифрлық технологияларды енгізуде алдыңғы қатардан көрінуде.