Қалаулы кәсіп. Сүт зауытының инженері

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері тұрғындарды сапалы сүтпен қамтуды қадағалайды. Бала күнінде ауылда өскен ол техникаға жақын болды. Ең алғашқы еңбек жолын осы зауытта қарапайым күзетші болып бастаған. Өзінің еңбекқорлығының арқасында қазіргі таңда жөндеу цехында инженер болып жұмыс істейді. Ондағы қызметкерлердің басты міндеті сүт зауытының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.