Айнұр Қуатжанқызы: Жауапкершілікті сезіну - мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті
Мемлекеттік қызметшіге тұлғалық болмысын жетілдіру үшін өз-өзіне есеп беру және өзін-өзі тану мәдениетін дамыту маңызды. Бұл жауапкершілікті арттыруға негіз болып, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашады. Есеп алу айна тәрізді өзіне сырт көзбен қарап көруге мүмкіндік тудырып, қателіктермен жұмыс істеуге ынталандырады. Мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби білімімен пайда келтірумен ғана шектелмей, сонымен қатар адамшылық тұрғыдан басқалар бой түзейтін үлгіге айнала білуі керек. Бүгінгі кейіпкеріміз дәл осы аталған қағиданы берік ұстанады. Жақынырақ танысайық.