Еңбек елі. Ағаш реставраторы Станислав Бачин
Ол ҚР Ұлттық музейінің ағаш реставраторы болып қызмет етеді.
Онда ғылым, шығармашылық, қолөнер саласы бірдей тоғысқан. «Қолыңа осыдан жүз жыл бұрын, тіпті мың жыл бұрын қолданған көне заттар тиген кезде оларға бей-жай қарай алмайсың. Өйткені ол құнды дүние. Қайта қалпына келтіру жұмыстарында дәл осы ағашпен жұмыс жасау тәжірибесі мен үшін өте қызықты», – дейді бүгінгі бағдарламаның кейіпкері.