Еңбек елі. Трамвай-кафе жүргізушісі Александра Чарапиева

Александраның трамвайды тізгіндегеніне 2 жылдай уақыт болды.

3,5 ай арнайы және 2 ай тағылымдылық курстарын тәмамдаған соң ол жүргізуші болып жұмысқа орналасты. «Бала күнімде анама өскенде трамвай жүргізушісі боламын дейтінмін. Ол кезде жасым небәрі 5-те еді. Міне, 20 жыл өткен соң сол арманым орындалды», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.