Еңбек елі. Пластик құю машиналарының маманы Виталий Меньшиков

Ол «R.W.S. BINDING» ЖШС қызметкері.

Бұл кәсіпорын рельс бекіткіштерін шығарумен айналысады. Заманауи озық технологиямен жабдықталған мұнда 4 ауысым бар. «Білдектердің жұмысын бақылау адамның қызығушылығын оятады. Темір жолдардың қауіпсіздігі бізге де байланысты», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.