Еңбек елі. Газ тазарту операторы Татьяна Емельянова

Ол әктас күйдіру цехында жұмыс істейді. Мұнда қызмет етіп жүргеніне 38 жыл болды.

Жұмысты толығымен қадағалау, құрылғылардың көрсеткішін, тоқтың берілу қуаттылығын, шаңды шығару жұмысы мен өзге де құралдарды тексеру Татьянаның негізгі міндеті. «Мен бақылаушы да, тексеруші де болып қызмет атқарғанмын. Бірақ менің жаныма осы жұмыс жақын. Яғни, жұмысты тексергеннен гөрі оны орындағанды жөн көремін. Мен үшін еңбегім мен өндірістің нәтижесі маңызды», – дейді кейіпкеріміз.