Еңбек елі. Экскаватор машинисі Николай Митрофанов

Ол «Восточный» кенішіне 1986 жылдың мамырынан бастап келді.

Алғашында жай көмекші болған Николай Митрофанов бүгінде экскаватор машинисі. Ол геологиялық технологиялық картамен тау жұмысы енгізілген паспортқа сай көмір өндіру ісімен айналысады. Онда 1 ауысымда 16 мың тоннаға дейін көмір өндіріледі. «Біз үздіксіз өндірісте жұмыс істейміз. Осы жақтан көмір тұтынушыларға жол тартады», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.