Еңбек елі. Металл ысытушы Сергей Ахметқалин

Ол зауытқа 1995 жылы келді.

Алғашқыда қарапайым металл тасушы болған Сергей Ахметқалин бүгінде жайма илек цехының металл ысытушысы. Міндеті –пештерде салынған металдарды ысыту және бақылау. «Бұл оңай жұмыс емес. Өйткені металды ысытудың да өзіне тиесілі уақыты бар. Тиянақтылықты талап етеді», – дейді кейіпкеріміз.