Еңбек елі. СББ білдегінің операторы Владимир Цыганов
Ол осыдан 40 жыл бұрын машина жасау цехының табалдырығын аттады.
Бүгінгі таңда энергетикалық машина жасау цехындағы сандық бағдарламалық білдек операторы. «Зауытта менімен бірге ұлым да жұмыс істейді. Оның мұнда жүргеніне 17 жыл болды. Артта қалған еңбек жолымның арқасында мен осы саланы толығымен меңгердім. Өз еңбек жолымды қалыптастырдым», – дейді бағдарлама кейіпкері.