Еңбек елі. Инженер-бағдарламашы Денис Медведев

Ол «Мұнаймаш» зауытында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде машина жасау технологиясы мамандығы бойынша оқыған Денис еңбек жолын «Петропавл ауыр машина жасау» зауытында бастады. «Өз кәсібімді шығармашылық жұмыс десем де болады. Өйткені бөлшектің қалай жасалатынын дәл осы инженер-бағдарламашы шешеді. Кәсіпорында менімен бірге атам мен әкем де жұмыс істейді. Олардан үнемі ақыл-кеңес сұрап тұрамын», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.