Еңбек елі. Қойма қызметкері Егор Герман
Ол «Жакко Қарағанды» ЖШС 2012 жылдан бері жұмыс істейді.
Егордың міндетіне қоймадағы тауарларды қабылдау, сақтау және жіберу процесін қадағалау кіреді. «Мұнда тауардың 5 мыңнан аса түрі бар. Әрқайсының атауын жатқа білу қажет. Менімше, кез келген жұмыс өзінше қызықты. Бастысы адам бойында еңбексүйгіштік қасет болу керек», – дейді кейіпкеріміз.