Еңбек елі. Инженер Анастасия Геринг

Ол Қарағанды фармацевтикалық зауытында жұмыс істейді.

Еңбек жолын осында өндірістік тәжірибеден өтуден бастады. Бүгінде Анастасия Ғылыми зерттеу зертханасында эфир майын шығару жұмыстарымен айналысады. «Маған биологиялық қоспалардың жаңа түрлерін іздестірумен айналысқан ұнайды. Қызықты жұмыс. Адамдардың ауруларын емдеу жолында өзімнің кішігірім үлесімді қосып жүрмін», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.