Еңбек елі. Зертхана қызметкері Абылай Қасқабаев

Ол «Жакко Қарағанды» ЖШС 2012 жылдан бері жұмыс істейді.

Өндіріс ошағы құбырлар шығарумен айналысады. Абылай Қасқабаевтың ондағы негізгі міндеті өнім сапасын бақылау. «Мен қашан да жауапкершілігі мықты азамат болуды қаладым. Әрдайым адамдарға пайдам тисе екен деген ой болатын. Бүгінде мен оған бір қадам жақындадым. Алайда онымен шектелмеймін», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.