Еңбек елі. Тігінші Вера Налимова
Вера Налимова өз еңбек жолын 1972 жылы бастаған.
Бүгінде Қарағанды аяқ киім фабрикасында IV дәрежелі тігінші болып жұмыс істейді. Училищені бітірген соң бірден осында келген оның бір салада жүргеніне 43 жыл болды. Зейнеткерлікке шықса да, өз ісін жалғастыруда. «Мен өз таңдауыма еш өкінген емеспін. Бастысы адамда ниет болуы керек. Сонда ғана жетістікке жетесің», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.