Еңбек елі. Тыныштық күзетшісі Мықтыбек Аманжолов
Ол ҚР Ұлттық ұланы 5573 ә/б жедел мақсаттағы 2-ші батальонының қатардағы жауынгері.
Бас қаланың тыныштығын сақтауда өз үлесін қосып жүр. «Әскерге келген 7 айдан бері мен біраз нәрселерді үйрендім. Өмірде көрген-түйгенің арқылы сабақ аласың. Бала күнімде әкем секілді жолсерік болуды армандаған мен қазір ойымды өзгерттім. Полиция қызметкері болуды қалаймын», – дейді кейіпкеріміз.