Еңбек елі. Нан пісіру ісінің шебері Айжан Тоқабаева
Ол «Астаналық нан» ЖШС Алматы технологиялық университетін бітірген соң келді.
Алғашында кәсіпорынға ауысым бойынша жұмыс істейтін технолог ретінде орналасты. Қазіргі уақытта Айжан мұнда шебердің міндетін атқарады. «Пісірген нанымыз дәмді болуы үшін шынайы еңбек етеміз. Біз өз ісімізге бар күш-жігерімізді саламыз. Бастысы бұл шаруаны үлкен сүйіспеншілікпен атқару қажет», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкер.