Еңбек елі. Автомеханик Сәлім Шомаев

Сәлім Шомаевтің хоббиі бүгінде кәсібіне айналды.

Ол сервистік цехтың 4-дәрежелі автомеханигі қызметін атқарады. Осы салада жүргеніне 7 жыл болды. Міндеті бір ғана қызмет көрсетумен шектелмейді. Автокөлікке қатысты барлық жұмысты атқарады. «Келген клиентке сапалы қызмет көрсету біздің басты міндетіміз. Нәтижесін көргенде көңілімді қуаныш кернейді», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.