EXPO life. Балдырлар өсетін шыны панельдер

Неміс инженерлері ғимараттың сыртын қаптаудың жаңа жолын ойлап тапты. Ол - ішінде балдырлар өсетін шыны панельдер. Ол тірі ағза көміртегі газымен қоректеніп күн сәулелерін сіңіреді. Онда фотосинтез процесі жүреді. Шынының ішінде өскен балдырларды жинап алып биомасса ретінде қолдануға болады. Осылайша жылу және энергия қуатын алуға жарайтын метан газы өндіріледі.