Art Global. «Астана Балет» театры
Соңғы 10 жылда еліміздің өнер саласындағы айтулы жетістік – Астана Балет театры. 2012 жылы Елбасының бастамасымен театрдың негізі қаланды. 2013 жылы қойылған алғашқы концерттен бастап-ақ көрермен театрды ыстық ықыласпен қабылдады. Бүгінде ұжымның өнерін жоғары бағалайтын көрермені республикада ғана емес, шетелдерде де мыңдап саналады.