Art Global. «Астана Опера» театрының Италияға сапары аяқталды

«Астана Опера» театрының Италияға жасаған кезекті гастрольдік сапары аяқталды. Ауыз толтырып мақтанатын тұсаукесерлер, жетістікке толы сәтті сапарлар мен халықтың берген жоғары бағасы. Мұның барлығы «Астана Опера» театрының 5 жыл ішіндегі еңбектерінің көрінісі. Астаналық театр алғашқы күндерден бастап-ақ өнердің төріне жету үшін шеберліктің жоғары деңгейіне талаптанды. Нәтижесінде аз күттірмегені анық.