Халықтық экономика І Барлығы жеңілдіктер туралы
Сауда желілеріндегі аптаның ортасында, жылдың соңында сатылатын заттарға жеңілдіктер жиі болады. Елді елең еткізетін бұл науқан тұтынушыларды төзімін тауысып, менмұндалап тұрады. Қандай да бір мүлікті өз бағасынан төмен бағада сатып алу - тұтынушы мен сатушы қатынасының осы заманғы жаңа тәсілі десек те болады. Арамызда кейбір жандар үнемі жеңілдік маусымын күтіп жүрсе, енді бірі пайдасын түгендеп әлек. Жалпы жеңілдік науқанында шынымен заттың құны төмендей ме, әлде бұл жай ғана көзбояушылық па? Толығырақ бүгінгі хабарымыздан көре аласыздар!